Мектепке жол

Құрметті достар, Қазақстан Республикасында жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 12 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы жылдан бастап Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша акция форматына өзгерістер енгізілді: енді ол жыл бойы жалғасады. Акция кезінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау бойынша қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Біздің мектептің еңбек ардагері Гүлбахыт Мағауияқызы Жақаеваның отбасы бұл акцияға бей-жай қарамады. Олар мектеп құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетті. Біздің балаларымызға мейірімділік және қамқорлық көрсеткен үшін алғысымызды білдіреміз. Бала тағдырын ойлайтын барлық жандарды акцияға қатысуға шақырамыз! Көмекке мұқтаж балаларға арналған киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтары сіз мектепке апара аласыз.