Педагогикалық кеңес

 

2020 жылдың 27 тамызында мектептің Педагогикалық кеңесі өтті. Мектеп басшысы Галия Каиркеновна Джумагулова кеңес соңында педагогтарды Жаңа 2020-2021 оқу жылымен құттықтап марапаттау рәсімін өткізді. №6 арнайы мектептің  логопед-мұғалімі  Баглан Шукурбековна Алимкулова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасымен, еңбекке баулу пәнінің мұғалімі  Каиржан Каиртасович Сырымов Павлодар облысы   Білім беру басқармасының Құрмет  Грамотасымен, бастауыш сынып  мұғалімі  Айнар Киюбаевна Булатбаева Павлодар облысы   Білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Мектептің оқу жылы қорытындысы бойынша, үлкен жетістіктері үшін, дәстүрлі «Жылдың үздік сыныбы» дипломымен 4 «Б» сынып жетекшісі Жанар Киюбаевна Мухамеджанова марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

.