«Жаңа жылдық сиқыр»

 

Бүгін, 2020 жылдың 24 желтоқсаны 4 "Б" сынып оқушысы Уакпаев Даниял мен 5 "Б" сынып оқушысы Серікбай Сұлтан үшін тосын сыйлар мен нағыз ғажайыптар күні болды. Оларды жаңа жылмен Аяз Ата мен Ақшақар құттықтады! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан тәтті сыйлық, кітап, жұмсақ ойыншық, ашық хат және ақшалай сертификат табыс етілді. Балалар ерекше және ұмытылмас әсер алды! Біздің Президентімізге және іс-шараны ұйымдастырушыларға сыйлықтар мен сиқырлар үшін рахмет!