«Жаңа жылдық ғажайыптар»

 

Жаңа жылдық ғажайыптар жалғасуда! Бүгін, 25 желтоқсанда мектеп оқушылары Толғанай Алтаева мен Чупин Николайды Аяз Ата мен Ақшақар құттықтады. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың атынан балаларға тәтті сыйлық, жұмсақ ойыншық, ашық хат және ақшалай сертификат табыс етілді. Балалар ерекше және ұмытылмас әсер алды! Павлодар облысының әкіміне және іс-шараның барлық ұйымдастырушыларына сыйлаған эмоциялар мен сиқырлар үшін рахмет!