«Абайдың қара сөздері»

 

Қазақ халқында балалардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда көркем әдебиетінің алар орны ерекше. Бүгінгі зияткерлік күнін қорытындылай отырып, сіздермен тағы бір қуанышымызды бөліскіміз келіп отыр. Мектебіміздің кітапханашысы Ащербекова Жадыра Нұрқабылқызы 7 «А» сынып оқушысы Кәрібай Асылжанмен бірге Абай атамыздың отыз бірінші қара сөзін нақыштап, сөз сабын әдемі сұрыптай отырып, Көкшетау қаласында ұйымдастырылған «Абайдың қара сөздері» атты аймақтық шығармашылық конкурсына қатысқаны үшін ІІ орынды иеленді. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» деген С.Торайғыров атамыздың сөзімен қорытындылай келе, Ұлы Абай атамыздың қара сөздерін оқып, көңілге түйіп алу жас ұрпақтың міндеті мен парызы демекпіз!