Наурызды қарсы алу

Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз-жаңа жылдың басы, табиғаттың оянуы мен жаңаруы. Барлық адамдар Наурыз мейрамына дайындалады: тұрғын үйді ретке келтіреді, ұлттық тағамдарды дайындайды. Біздің де мектеп оқушылары педагогтармен бірге қазақтың ою-өрнегімен нақышталған киімдер киіп терезелерді Наурызға безендірді.