Құстар күні

 

Бүгін Халықаралық құстар күні және бұл көктемгі күн кездейсоқ таңдалмады. Бұл уақытта құстар қыстайтын жерлерден оралып, ұрпақ өсіру үшін ұяларын жабдықтай бастайды. Мерекенің басты мақсаты-құстар әлемінің проблемаларына назар аудару. Біздің мектептің оқушылары өз үлестерін қосуға шешім қабылдады. Құстардың пайдасы туралы сөйлескеннен кейін, еңбек сабағында құстар үйі жасалып, оларды мектеп ауласындағы ағаштарға іліп қойды. Өйткені, мұндай қарапайым шаралар табиғатты қорғау үшін өте маңызды. Олар балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға және оны сүюге, қоршаған ортаны қорғауға үйретеді, жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне мейірімділік пен жанашырлықты тәрбиелейді.