Шығармашылық байқаудағы жеңіс

 

Қарағанды қаласының "Өркен" балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің VІI ашық Республикалық байқауының ІІ турының жеңімпаздарын құттықтаймыз. "Графика" номинациясында " Алыстағы атырап-ғажайып елдер" байқау тақырыбы нда 2-орынды 9А сынып оқушысы Жаббар Арсен және 8а сынып оқушысы Кивашов Ислам, 3-орынды 9А сынып оқушысы Хабенов Ислам иеленді. 7а сынып оқушысы Кәрібай Асылжанның жұмысы шығармашылық және қиял үшін дипломмен марапатталды. Балаларды дайындаған бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Шегебаев Мұрат Салықұлы. Жарайсыңдар! Жеңістеріңізбен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!