Көңілді демалыс

 

 

1 маусымнан бастап "Балдәурен" жазғы мектепшілік алаңы өз жұмысын бастады, оған 20 оқушы қатысады. Ауысым "Балдәурен" туының салтанатты көтерілуімен басталды. Бірінші апта қызықты, көңілді, жылы шырайлы өтті. Әр күннің өз атауы болды: "Жаз мейрамы", "Табиғат күні", "Бағдаршаммен бірге", "Мемлекеттік рәміздер күні". Барлық жоспарланған іс-шараларға балалар қызығушылықпен қатысты: асфальтқа бормен сурет салды, ұжымдық жұмыстарды орындады, викторина сұрақтарына бірге жауап берді. Апта Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шарамен аяқталды, онда балалар ҚР туы, елтаңбасы және Әнұраны туралы білімдерін бекітті.