«Менің туым»

 

4 маусым күні біздің мектебімізде Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыстық "Менің туым" жобасына арналған интелектуалды іс-шара өтті.Осындай іс-шаралардың негізгі мақсаты оқушылардың санасында патриотизм сезімін тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады.Зияткерлік рингті өткізу барысында оқушылар екі топқа бөлініп, ойын ережелерімен танысты.                    Ойын 3 айналымнан болды.I айналым- «ҚР геральдикасы», II айналым-"Блиц-турнир", III айналым- «Ринг». Балалар ойынға қызыға қатысып,өздерінің Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тексере алды, сонымен қатар әр бір сұрақ бойынша өз көзқарасын білдіріп, жауаптарын қорғай алды.