Мектеп бітіру – 2021

Кешегі оқушылардың артында бейқам балалық шақ, қызыққа толы шулы үзілістер, дайындалмаған сабақтар қалды. Бірақ қазірдің өзінде олар ересек өмірді бастағалы тұр және алда оларды жаңа достар, оқиғалар, жетістіктер күтіп тұр.  Мектеп бітіру кеші - бұл ерекше мереке, жарқын, түрлі-түсті, ұмытылмас, өмірдің жаңа кезеңіне көшуді білдіреді. Оқушылар үшін мектеп  бітіру кеші 7 маусым күні өтті. Бұл күні олар маңызды құжаттардың бірі — Орта білім туралы аттестат алды. 2021 жылғы түлектер жан-жақты, олар оқу орнының тарихына мәңгі енген түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар мен шығармашылық сайыстарда нәтижелерге қол жеткізді. Ақ жол, түлектер! Барлық армандарыңыз орындала берсін! Сәттілік!