ЖАЗҒЫ КҮНДЕЛІК - 2021.

 

Жазды велосипед мініп өткізу адамның әлемін өзгерте алады, өйткені велосипедпен жүру пайдалы, керемет және ұмытылмас сәттер сыйлайды. 8"Б" сыныбының оқушысы Уралов Андрей әкесі Уралов Александр Александрович және А.В. Неупокоевтің басшылығымен бір топ интузиастармен бірге "демалыс күні" веложобаға қатысты. Сағат 07.00-де велосипедшілер тобы "Қайнар" ОАК-нан бастап, Қарағанды өзек шатқалының "Қайың тоғайында" өз бағытын аяқтады. Осы жорық үшін спидометрде 62 шақырым көрсетті. Ауа-райының бұзылуына қарамастан: сапар өте жақсы әсер қалдврды. Жалпы, Ураловтар отбасы әрқашан салауатты өмір салтын ұстанады! Бұл тек веложарыс қана емес, тау шыңдарын бағындыру! Барлықтарыңызды шақырамыз!