ЖАЗ КҮНДЕЛІГі - 2021

 

«Мектеп ауласы» жобасын іске асыра отырып, 9 сынып оқушылары жазғы мектеп практикасы өту кезінде мектеп жанындағы телімде көгалдандырумен айналысты. Еңбекке баулу пәнінің  мұғалімі Давыдова М.Л жетекшілігімен балалар мектеп ауласының қоршаған ландшафты жақсартты. Олар гүлзарларды бөліп, гүлдер отырғызып, суару жұмысымен айналысты. Нәтижесінде көзді қуантатындай гүлзарлар жасалып көркем гүлдерімен қуантты. Балалар мектеп жылыжайында жұмыс жасап енді тек еңбек нәтижесін көруге асығуда. Өз еңбектерінің жемісін көріп оқушылар қуанышты және ынта-жігермен жұмыс жасады.