Құрметті ата - аналар! Балалардың заңды өкілдері!

 

 

Алда демалыс. Балалармен бірге сіз саябақтарда серуендейсіздер, су қоймаларында шомыласыздар, қонаққа барасыздар!

Естеріңізге саламыз! Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі.

Күн сайын балаңызға жол ережелері туралы ескертіңіз:

- Ересектерсіз жолға шығуға болмайды, егер сіз ересек адаммен бірге келе жатсаңыз қолыңызды босатпаңыз , тротуардан шықпаңыз.

- Көшеде жай қадаммен, асықпай тротуардың оң жағымен жүру керек.

-Жолды жаяу жүргіншілер тротуарынан бағдаршамның жасыл белгіге барлық көліктердің тоқтағанына көз жеткізген соң ғана өтуге болады.

-Жүріс бөлігі тек көлік құралдарына арналған.

-Қоғамдық көлікте қол және қандай да бір заттарды терезеден шығаруға болмайды.

Табиғатқа шыққан кезде мынаны есте сақтаңыз:

- Жазғы уақытта жорықтар, серуендер мен экскурсиялар кезінде балалардың шомылуын жүргізген кезде түбі жайпақ және шырмауықтан, балдырлардан және тұнбадан таза, таяз жер таңдалу керек.

- Су айдындарына ересектер тарапынан қараусыз балаларды жіберуге болмайды.

- Шомылып жатқан баланы үздіксіз бақылау керек.

- Шомылу кезінде балалардың суға секіруіне және қоршау таяныштарынан немесе жағадан суға сүңгуіне тыйым салу.

- Балалардың суда ойнауын болдырмау.

Егер сіз балалармен қонаққа барсаңыз немесе сізге қонақ келген болса:

- Сіздің балаңыз әрқашан ересектердің назарында болуы керек.

-Балаларға арналған ойын алаңын зерттеңіз, бұл орынды қауіпті заттардан (өткір, кескіш, сіріңке, токқа қосылған заттар және т. б.) босатыңыз.

-Балалар ас үйде, ыстық қазандықтардың жанында, ашық терезелер мен балкондардың жанында ойнамайтынына көз жеткізіңіз.

- Егер балалардың ойын алаңы жолдың жүру бөлігіне жақын болса, балаларға өте мұқият болыңыздар.