Құрметті достар!

 

Жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасында 13 жыл бойы өткізіліп келеді. Өткен жылдан бастап мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өзгерістер енгізілді: республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасады.
Акция барысында аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына дайындау үшін қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады. Балалардың тағдырына бей -жай қарамайтындардың барлығын акцияға қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін 87051528846 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз немесе мектебіміздің әкімшілігіне хабарласыңыз.