Құрметті ата-аналар!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Менің Атамекенім» ҚБ арасында жасалған келісім аясында www.atamekenim.kz порталында «Мектепке жол» платформасы жұмыс істейді, онда материалдық көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтініштерін қалдыра алады. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар осы портал арқылы ақшалай қаражатты онлайн аудару арқылы материалдық көмек көрсете алады. «Мектепке жол»  платформасы – бұл сұраныстарға тез жауап беруге, ақша қаражатының онлайн түсуін қадағалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы жүйе. Бұл платформа жыл бойы жұмыс істейді. Демеушілер, әлеуметтік серіктестер білім беру органдары мен ұйымдары арқылы дәстүрлі түрде көмек көрсете алады.