ҚAЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДЕР КҮНІ

Мектебімізде Казақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл —ұлт қазынасы» атты тілдер онкүндігі өтті. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс тілдерінде өткізілді. Оқушылар мен мұғалімдер Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі ic-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен сайыстарға, ұлттық ойындарға қатысты. Сонымен бірге кітапханада ұйымдастырылған «Тіл-ұлы байлық» атты кітап көрмесін тамашалады. Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Үлттың тілі сол ұлттың жаны, жан-дүниесі». Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» -деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!