"ЭКОboom" облыстық жобасы

 

"ЭКОboom" облыстық жобасын іске асыра отырып, мектебіміздің бірінші сынып оқушылары "Болашақ бағы"акциясына белсенді қатысты. Акция бірінші сынып оқушыларының табиғатқа ұқыпты қарау сезімін тәрбиелеуге бағытталған. 1 "а" және 1 "б" сынып оқушылары: Тұрабек Әлібек, Дастанұлы Нұрислам, Оспанова Лейла, Қоңырбаев Ұлан, Маманов Мүслім, Дауылбаев Нұрмұхамед ата-аналарымен бірге мектеп жанындағы аумақта пирамидалық терек, қайың және алма ағаштарының көшеттерін отырғызды. Енді барлық оқу жылдары бірінші сынып оқушылары ағаштарына күтім жасайды.