МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ!

Мұғалімдер күнің атап өту аясында Павлодар қаласының Достық үйінде Павлодар облысының үздік педагогтарына құрмет көрсетілді. Құрмет көрсеткен мұғалімдердің ішінде біздің әріптесіміз дефектолог Күлпаш Әбілхаковна Жакыпбекова "Аймақтың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Марапатты Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов табыс етті.
Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ольга Вячеславовна Криворучко марапатталды. Павлодар облысы білім беру басқармасының алғыс хаты дефектолог мұғалім Клименко Меруерт Балгабаевнаға табыс етілді. Қымбатты әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс пен амандық тілейміз!