ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

 

Ұлттық валюта күні қарсаңында 8-9 сынып оқушылары қалалық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Экскурсия ұлттық валюта күніне арналды. Экскурсия жетекшісі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенің алғаш рет қашан енгізілгені туралы айтып, алғашқы қағаз купюралар мен монеталардың, сондай-ақ естелік және мерейтойлық монеталардың үлгілерін көрсетті. Балаларға Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Әбілқайыр хан, Абылай хан бейнеленген "портреттер" банкноттары ұнады. Олар 27 жыл ішінде Қазақстанда төрт ақша сериясы шығарылғанын және Қазақстан Теңге сарайының 1992 жылы Өскемен қаласында құрылғанын білді.
М
ұражайдың экскурсия жетекшілеріне құшақ жая қарсы алғандарына және ұлттық валюта тарихы туралы қызықты әңгімелері үшін үлкен рахмет.