"БОЛАШАҚ ҮШІН ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ СУ " АКЦИЯСЫ

 

"ЭКО boom" облыстық жобасын іске асыра отырып, мектеп оқушылары "Энергия және болашақ үшін су"акциясына белсенді қатысты. Өзінің жеке үлгісімен электр энергиясы мен суды күнделікті үнемдеуді, сондай-ақ өз отбасы мүшелерінің табиғатты ұтымды пайдалану әрекеттерін көрсетті. Барлық сыныптарда суға, электр энергиясына ұқыпты қарау бойынша сынып сағаттары өтті. "Қажетсіз заттардың екінші өмірі" байқау –конкурсын өткізді, онда балалар қалдық материалдан қарапайым өмірде пайдалануға болатын заттарды жасады.