ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

 

"Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанын өткізу шеңберінде Екібастұз қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы полиция майоры Т.Б. Калимульдинов 7-9 сынып оқушыларына "Отбасы және мектеп: қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу туралы бейнеролик көрсетілді. 5-6 сынып оқушыларымен "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында әңгіме өткізілді. Тахир Болатұлы балаларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.