ДОЙБЫДАН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 7 желтоқсанда дойбыдан қалалық турнир өтті, оған мектептің 22 оқушысы қатысты. Өз толқыныстарымен күресе отырып, әрбір қатысушы жеңіске ұмтылды. Ойын барысында балалар қарсыластарына мейірімділікпен қарады, басқалардың сәтсіздіктеріне жаңашырлық танытты. Марапаттау кезінде оқушылар өздерінің қуанышты эмоциялары мен сезімдерін жасырмады. Нәтижесінде 1 орынды Сағидолда Нұрсұлтан 9А сынып және Ярмолюк Зарина 8б сынып, 2 орынды Кивашов Ислам 9а сынып және Мыңжасарова Ақерке 9а сынып, 3 орынды Аужанов Ерсары 5б сынып және Ермеғалы Ұлжанай 5а сынып иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирді ұйымдастырғаны және өткізгені үшін №3 БЖСМ, "Өмір " РТО" ҚБ, №1 БЖСМ, "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мм алғысымызды білдіреміз.