ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

Басты ұлттық мереке жақындап келеді. Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше. Егемендікке қол жеткізгеніне 30 жыл толады. Бірақ қанша жыл өтсе де, біз тарихымыздағы ұлттық қайраткерлер мен батырлардың ерлігін ұмытпауымыз керек. Қазақстандық патриотизмді, өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында барлық сыныптарда "Тәуелсіздік жетістігі"тақырыбында сынып сағаттары және ашық сабақтар өткізілді. Олардың барысында оқушыларға еліміздің Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, бірлік пен бейбітшілік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі таңда табысты дамып келе жатқан елдің қалыптасуындағы маңызды рөлі туралы айтылды.