Президенттік шырша

 

Бүгін 2021 жылғы 24 желтоқсанда сағат 11.00-де Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан жаңа жылдық сыйлықтарды салтанатты қабылдауы өтті. Мектеп оқушылары Мурзин Даниилге, Галимьянов Рамильге, Кайыргалиев Әділетке Аяз Ата мен Ақшақар ҚР Президентінің атынан сыйлық жиынтығын табыс етті, оның ішінде кітап, ойыншық, құттықтау ашықхат, тәтті сыйлық және ең басты сыйлық 165 900 теңге ақшалай сертификат. Балалар ерекше және ұмытылмас әсер алды! Біздің Президентімізге және іс-шараны ұйымдастырушыларға сыйлықтар мен сиқырлы сәттер үшін көп рахмет!