Жаңа жылдық шеру

 

Жаңа жылдық мерекелер-таңғажайып, қызықты оқиғаларға,ертегідей, сиқырға толы уақыт. Желтоқсанның 28- күнінде бастауыш сыныптар арасында ұмытылмас жаңа жылдық мереке өтті.Мереке залы көзге тартымды,керемет безендірілген.Балалар "Богатырь Көмір" ЖШС ЖҚБ жаңа жылдық кейіпкерлерімен бірге @too_bk_omd, @bogatyrfm көңілдерін көтеріп,уақытты қуанышты өткізді. Балалардың жүздерінен күлкі көру жақсы сезімге баулайды! Жаңа жылдық сыйлықтар тек қана балаларды ғана емес, олардың ата-аналарының да көңілінен шықты! Қала әкімі  А. А.Қантарбаевқа @ardak_kantarbaev, "Богатырь Көмір" кәсіподақ ұйымы, Николай Иванович Поповқа, "Батыр Көмір" жергілікті кәсіподағына, Сергей Юрьевич Михайлюкке @directsiya_po_personalu, біздің сүйікті де,қадірлі мектебімізге сыйлаған  керемет жаңа жылдық сыйлықтар үшін ерекше алғыс білдіреміз! Аяз Атаның сиқырлы таяғының астынан өткен балалардың барлық армандарының орындалуына тілектеспіз! Жаңа жылда жағымды естеліктерге айналатын қуанышты сәттер көп болсын!