АСЫҚ АТУ ТУРНИРІ

 

16 наурыз күні "Наурыз мейрамы" қарсаңында мектебімізде "Асық ату"ұлттық ойыны бойынша турнир өтті. Бұл ойын дәлдікке, ептілікке, мергендікке, қозғалысты үйлестіру,жылдамдыққа, тапқырлыққа және төзімділікке үйретеді. Қазақстанда асық ату ойынына деген қызығушылық артып келе жатқаны бекер емес.
Турнирге қатысу үшін жас мергендер мұқият іріктеуден өтті. 2-9 сыныптар арасында ең мықты 11 ойыншы ең жақсы атқыш және тәтті сыйлықтар үшін жарысты. Оқушылар  өз шеберліктерін  көрсетіп, дәл түсу мақсатын көздеді.
Жарыс қорытындысы бойынша 8 "А" сынып оқушысы Кәрібай Асылжан
1-і орынға ие болды. Екінші орынды 6 "Б" сынып оқушысы Чупин Николай мен Кивашов Ислам 9 "А" сынып оқушысы женіп алды. Үшінші орынға 5 "Б" сынып оқушысы Рамиль Галимьянов иеленді. Жарайсыңдар, балалар!!! Құттықтаймыз!