"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ " ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ |
Бүгін Павлодар қаласының оқушылар сарайында " Екі жұлдыз "облыстық шығармашылық байқауы өтті. Мектеп оқушылары вокал және хореография номинацияларына қатысты. Ярмолюк Зарина мен Мурзагалиев Давидтың орындауындағы "Вдохновение" биі көрермендерді қатты қуантты. Ал Жигеров Нұрқанат пен Криворучко О. В. дуэтін зал жылы шыраймен қошеметпен қарсы алды. "Бақыт құсы" әні "Вокал"номинациясында 1 орын алды. Жарайсыңдар! Осы жеткен жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, үнемі алға жылжып, кез келген белестерді, бағындыруға тілектеспіз. Табысқа жету жолында әрдайым бақытты жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!
|