Қызғалдақ - наурыздың белгісі

 

 

Нұр, жақсылық, үйлесімділіктің ең керемет мерекесі-Наурыз мейрамы жақындап келеді. Өздеріңіз білетіндей, Наурыз бен көктемнің белгісі-қызғалдақ, ол ежелден шығыста үйлесімділік пен рухани қағидаттың символы болып саналады. Наурыз мереке қарсанында барлық оқушыларға, ата-аналарға, мектеп қызметкерлеріне қуаныш, сәттілік, бақыт тілей отырып, мектеп терезелері түрлі-түсті қызғалдақтармен безендірілді . Әр үйде байлық пен өркендеу болсын! Наурыз құтты болсын!