"Соңғы қоңырау - 2022"

Бүгін мектепте оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекеде мектеп пен сынып өміріне белсенді қатысқан үздік балалар марапатталды. Барлық сынып жетекшілері дарыны мен шеберлігі, балаларға деген шынайы махаббаты және өз мамандығына берілгендігі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Биылғы жылдың "Соңғы қоңырауы" соғылды, алда керемет уақыт — жазғы демалыс. Жаз жайдарлы болып, көп қуаныш әкелсін, көңіл-күйлерін керемет болсын.