«Жұлдызай – 2022»

Түркістан қаласында «Жұлдызай» XVII Халықаралық  балалар шығармашылығы фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Симонова Е.Н жетекшілік ететін «Шабыт» би тобымыз «Дәуір тынысы» биімен «Хореография» номинациясы бойынша 3 орынға ие болды. Балаларға фестиваль ұйымдастырушыларының дипломдары мен  естелік сыйлықтары табыс етілді. 1 маусым күні Түркістан қаласындағы Конгресс-холлда ХVІІ Халықаралық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өткен сахнада балалар өнер көрсетті, онда біздің «Шабыт» би тобы мен қазақ жұлдызы Бекзат Шалхарбай өнер көрсетті. Фестивальдің барлық қатысушылары қазақ эстрадасының жұлдыздарымен жүздесуден үлкен ләззат алды. Олар көрермендерге өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсетті. Әр күн  Түркістанда ұмытылмастай өтті, балалар Түркістандағы ең жақсы «Hilton» қонақүйінде тұрды. Ұлы Жібек жолы Қараван сарайына қайталанбас саяхат жасады, Орталық Азияда теңдесі жоқ «Алтын Самұрық» ұшатын театрын, Түркістанның ең көп баратын және әйгілі көрікті жерлерінің бірі Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралады. Балаларға «Ұлы дала елі» көрме орталығы қатты ұнады, мұнда балалар орта ғасырлар атмосферасына еніп, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың экспозициялары, көне өнер үлгілері, тарихи-археологиялық олжалар туралы білімдерің толықтырды. Балалар көргенінен көптеген әсерлер мен эмоциялар алды! «Жұлдызай» жобасының ұжымына балаларымызға  көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп, қуаныш пен шаттық сыйлаған үшін  алғысымызды білдіреміз! «Жұлдызай» балалардың жадында ұзақ сақталатынына сенімдіміз!