Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Әдістемелік жұмыс

Зияты  бұзылған  балаларға  білім  берудің негізгі  мақсаты барлық  психикалық  қызмет аясын түзету  және  дамыту,  әлеуметтік  өмірге  бейімдеу,  әлеуметтік жүріс-тұрыстың лайықты түрлерін  қалыптастыру,  тәуелсіз  еңбек  қызметіне  дайындау болып табылады.

Мемлекеттік жалпыға  міндетті стандартта көрсетілген  құзіреттілік- мәселелерді  шешу мүмкіндігі  шектеулі  оқушылар  үшін де ақпараттық  және коммуникативтік  негіз болып саналады.  Сонымен бірге зияты  бұзылған  балаларға  білім  беруде  даму  ерекшелігінен туындайтын  өзге  мәселелер шешіледі:  танымдық және еріктік-эмоционалдық  сала ерекшеліктерін  білу, танымдық пен сөйлеу тілінің  даму  деңгейі   бойынша саралау, түзету жұмысын  зерттеу, жеке қабілеттерін  есепке  ала отырып,  әлеуметтік–тұрмыстық өмірге бейімдеуді  қамтамасыз  ету.



Фонематикалық қабылдауды дамыту

 

 

Көктемгі демалыс кезіңде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Развитие фонематического восприятия у детей со сложной структурой дефекта» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.Логопед А.А.Урумбасарова фонематикалық қабылдауды дамыту қажеттігі туралы әңгімелеп берді, өйткені оның бұзылуының әсерінен күрделі тіл құрылымының ақау бар балаға оқу және жазуды меңгеру қиын. Мұғалімдер «Три медведя» ертегісінің кейіпкерлерін суреттеп, ойындар мен жаттығуларды орындап,жұмбақтарды шешіп семинарға белсенді қатысты.Кеңестен кейін мұғалімдер дидактикалық ойындар туралы буклеттерге ие болды.

 

 

 

 
«Ұсақ қол моторикасы – бұл қызықты»

28.03.18 ж №19 АЖББМ пәндік- оқытушыларға арналған «Ұсақ қол моторикасы – бұл қызықты» атты практикалық-семинар өткізілді. Осы іс-шараны өткізген мектептің логопед-мұғалімі Б.Ш.Алимкулова ұсақ-қол моторикасы, оның маңыздығы жайлы мәлімет берді. Сондай-ақ, қатысқан мұғалімдермен бірге саусақтарға, қолға арналған уқалау, әр пәнге арналған қызықты жаттығулар ұсынды: қарындашпен жұмыс жасау, мозаика жинау, бау байлау, жіп орау т.б. Семинар соңында әр пәндік-мұғалімдер өз сабақтарында қолдатын жаттығулардың түрлерімен танысып, әдістемелік нұсқау алды.

Көбірек оқу...